Главная Қызмет түрлері Форматтау және беттеу қызметі

Форматтау және беттеу қызметі

Техникалық құжаттарды аударудың тек ұсынылған материалдардың мәтінін аудару ғана емес, сол құжаттардың сыртқы түрін сақтау деген мағынасы бар. Ал қажет болса, файлдың электрондық форматын сақтауға немесе өзгертуге болады. Бұл әдеттегідей форматтау және/немесе беттеу деп аталады. Біздің компаниямыз төмендегідей құжаттардың түрлерімен айналысады:

·  Microsoft Office (Word, Excel, PowerPoint, Access, Visio) файлдары;

·  CAD-бағдарламасының (DWG және басқа да электрондық форматтардың сызбалары) сызбалары;

·  XML, HTML, анықтама және HELP-жүйелері файлдары;

·  Осы замандағы негізгі кәсіптік беттеу бағдарламаларының (Adobe InDesign, Adobe FrameMaker, QuarkXPress, CorelDraw) файлдары және оларға сәйкес келетін графикалық файлдар (TIF, EPS және т.б.);

·  Анимация бағдарламаларында (Flash, т.б.) жасалған файлдар, олардың ішінде басқа форматтардың құрамдас бөліктері, мысалы, таныстыру рәсіміндегі объектілер, сияқтылар бар.

Тапсырыс берушінің тек қағаздағы көшірмесі немесе PDF сияқты редакцияланбайтын форматтағы файлы бар болғанда беттеу бөлімшесі аудармаға және оны әрі қарай форматтауға (беттеуге) байланысты мәселелердің шешілуіне мүмкіндік береді. Тіпті сол жағдай болған кезде тапсырыс беруші алғашқы құжат сияқты жасалған құжаттардың жинақтамасын алады. Сонымен, оның сол құжаттардың электрондық форматына байланысты тілектері де еске алынады.

Неотэк компаниясына аударуға берілген алғашқы файлдың өзіндік бірегей навигация элементтері болуы мүмкін. Әлде тапсырыс беруші бізден оларды «нөльден» жасауымызды сұрай алады. Бұның мағынасы, сол аударылған құжат біздің тапсырыс берушіміздің тілектеріне сәйкес келуі керек.

Тапсырыс берушіге алғашқы файлдардың ішінде әрі алғашқы тілдегі, әрі аударма тіліндегі мәтіні болуы керек пе? Демек, ол сол құжатқа алдын-ала тұжырымдалған талаптарға сәйкестікте жасалған екі тілдегі құжатты алады.

Тапсырыс берушіге аударма керек емес, тек беттеу керек пе? Демек, Неотэк компаниясы сол қызметті көрсетеді.

Форматтау және беттеу бөлімшесі және оның кез-келген қиындықтағы техникалық мәселелерді шешу қабілеті Неотэк компаниясының «Компания өз тапсырыс берушінің кез-келген тілектеріне кәсіптік түрде жауап беруге дайын болуы керек» деген негізгі принциптерінің бірін практикада іске асырады.