Главная Қызмет түрлері Лингвистикалық кеңес беру

Лингвистикалық кеңес беру

Neotech Kz компаниясы Қазақстан нарығына үздік технологиялармен жабдықталып, дүниежүзілік аударма нарығындағы білімнің барлығына ие болып, келіп отыр. Өйткені, ол 17 жылдық жемісті жұмыс тәжірибесі бар Неотэк ТҚБ компаниясының региондық өкілдігі болып табылады.

Сол уақыт ішінде Неотэк Техникалық Құжаттама Бюросы төмендегідей жұмыстарды атқара алды:

·  Дүниежүзілік практикадағы ең жақсы тәжірибені үйренді және алды;

·  Батыстағы операторлардың технологиялары, шешімдері, жабдықтарын Ресейдегі жағдайларға бейімдеді;

·  Өз бірегей технологиялары мен шешімдерін жасады;

·  Жиналған тәжірибесі мен білімін жүйеледі және бірегей білім қорын құрды;

·  Кәсіптік дайындық пен біліктілікті арттырудың өз жүйесін құрды;

·  Компаниядағы қызметкерлердің арасында білімнің септестігінің жүйесін қалыптастырды.

Неотэк Техникалық Құжаттама Бюросы, оның ішінде Neotech Kz, шынында біздің тапсырыс берушілеріміз жиірек келіп жүретін біліктіліктің орталығына айналды. Ал Gain & Share бағдарламасы деп аталған лингвистикалық кеңес беру біз көрсететін жеке бір қызмет болып табылады.

Бұл бағдарламаның ішіне біз өз аударма қызметтері бар тапсырыс беруші компаниялардан алатын сұранымдардың көпшілігі және аспектілердің көптігі кіреді. Олар біздің осы жылдар бойы жинағанымыздың ең жақсысын үйренуге тырысуда. Ал біз өз жағымыздан төмендегідей салаларда өз біліміміз бен дағдымызды бөлісуге дайынбыз:

·   Олардың штаттағы мамандарының біліктілігін бағалау;

·   Сол мамандардың біліктілігін арттыру жөніндегі әдістемелерді әзірлеу;

·   Аудармашылардың кәсібінің әр-түрлі бағыттарында оларды нысаналы түрде пайдалану жөніндегі ұсыныстарды дайындау;

·   Аударма бойынша жұмыс жасауды оңтайландыруға қабілетті техникалық жабдықтарды таңдау.

Лингвистикалық кеңес беру жөніндегі жобалар біздің ұсыныстарымызбен аяқталады. Сол ұсыныстар тапсырыс беруші компаниядағы қазіргі аударма бөлімінің құрылымы ұйымдық түрде қалай құрылуы керек, оның корпоративтік ақпараттық жүйесі арқылы оны тиімді түрде қалай басқару керек немесе нарықтағы ашық коммерциялық жүйелерді қалай таңдау және оларды өз талаптарына қалай бейімдеу керек екендігіне байланысты.

Әрине, Gain & Share бағдарламасы аударма қызметтерінде аудит жасау және оларға кеңес берумен шектелмейді. Сіз Gain & Share бағдарламасын орындаудың басқа бағыттары туралы «Hand-Made» журналынан және www.neotech.ru сайтынан оқи аласыз.

Лингвистикалық кеңес беру жобалары – Неотэк компаниясының Мәскеудегі офисі нақты тапсырыс берушінің нақты талаптарына сәйкес жетілдіріп жатқан «даналық» жағдайға қатысты өнім. Егер Сіз сол қызметті пайдалануға қызығушылық білдірсеңіз, ynp@neotech.ru арқылы Маркетинг және сату жөніндегі директор Юрий Пачко мырзаға хабарласуыңызды сұраймыз.