Главная Біздің ерекшелігіміз Лингвистикалық инжиниринг

Лингвистикалық инжиниринг

Тапсырыс берушілір Неотэк Техникалық Құжатттама Бюросы немесе Neotech Kz компаниясына келгенде оларға сервис керектігін білдіреді. Халықаралық нарықта жұмыс жасап жатырған кез-келген ірі ұйым алдында оның барлық структуралық бөлімшелерін лингвистикалық қолдаумен қамтамасыз ету мақсаты бар. Сондай ұйымдар бізге - Неотэк компаниясына – кешенді бір шешім үшін келіп тұрады. Бұл шешімнің мазмұны: қызмет ешқандай структуралық бөлімшеге, ешқандай қызметкерге білінбесін деп компанияның ауқымды қатысуының жағдайында барлық бизнес-процесстерді лингвистикалық қолдаумен қамтамасыз ету және оларды жергілікті нарықтың жағдайларына икемдеуді білінбейтін түрде атқару.

Біз 17 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп өз білім қорымызды жинадық. Бүгін бұл қор кез-келген саладағы тапсырыс берушілерге, олардың қайраткерлігі мен жұмысының көлеміне, дап-дайын шемімдердің жиынтығы болып табылады. Бұнда әртүрлі тақырыптағы жазбаша аудармалар және кез-келген деңгейдегі шараларды қолдайтын ауызша аударма қызметін көрсету жөніндегі дап-дайын шешімдер туралы сөз болады. 

Әрине, әр жаңа тапсырыс беруші өз айрықша пікірі және өз тілектерінің жиынтығымен келеді. Әр жаңа жоба бұрынғы практикада кездескенімізден аса өзгеше. Бұның бәрі экономикалық, саяси және әлеуметтік факторлар өзгеріп келе жатқанына байланысты. Сондықтан, тапсырыс беруші өзгеріп келе жатқан жайдайларға икемделіп өз бизнес-процесстерін өзгертуге мәжбүр болады. Өз клиенттері үшін Неотэк компаниясы шешімдерді дамытушы және құрылысшы ретінде қызмет етеді. Ал шешімдердің негізіне жаңа мәселені шешуді толық пен тиімді түрде қамтамасыз ететін тексерілген практикалармен бірге қайтадан жасалған технологиялық тізбелер жатады. Шынында, біздің әрқайсысымыз кез-келген деңгейде компанияның басшысы, жоба менеджері, қалыптаушы, редактор, аудармашы және лексикограф ретінде жұмыс істеудеміз.

Бұл жұмыс практикалық жағынан алғанда төмендегідей болып шығады.

  • Жаңа (әдетте болмайтын) тапсырыс келгенде Мәскеудегі өндірістік базада ситуативтік кабинетіміз жиналады.
  • Қызметкерлердің бірі тапсырыс беруші ретінде шығады. Сол шараға тапсырыс берушінің өкілін шақыра алсақ аса ұтымды болар.
  • Алғашқы деректердің (солардың ішінде уақытша және материалдық аспектілер) толық жиынтығының негізінде, тапсырма жасалады. Тапсырманы тұжырымдаудың ішіне жоспарланып отырған нәтиженің ең тиімді анықтамасы кіруі тиіс.
  • Ситуативтік кабинеттің жұмыс жасауы үшін жиналатын процесске барлық қатысатындардың әрқайсысы өз ретінде «ми шабыулына» қатысады. Олар бұрын атқарылған жобалар және пайдаланылған шешімдердің негізіне сүйеніп, барлық әр алуан болжамдар мен шешім түрлерінің тізімін жасаулары керек. 
  • Аударманың әртүрлі сценарийлері жасалады. Солардың ішінде құжаттаманы күрделі қалыптау, пішімдеу, басып шығару алдындағы дайындау және жасап шығаруға байланысты қызметті көрсету. Алдымызда онлайн-аударма немесе бірнеше тілге локализация қызметін көрсету мәселесі тұруы мүмкін. Немесе әртүрлі уақыт аймағында әртүрлі кіріс деректермен жұмыс жасау қажеттілігі пайда болуы мүмкін... Солардың барлығы тапсырыс берушіге ұсынылған шешімде болуы шарт.
  • Нәтижесінде, әр тапсырыс бойынша дап-дайын кубик сияқты жинақталған және практикада тексерілген шешімдерден тапсырыс берушінің жеке талаптарына сәйкес ұсыныс жасалады. Ең маңызды талаптардың бірі – тек ең ұтымды және тиімді шешім ғана емес, бізге кез-келген уақытта оперативтік түзетулер жасауға мүмкіндік беретін өзі дамитын шешімді табу.