Мұнай-газ саласы
Мұнай-газ саласы Neotech Kz компаниясының басты біліктіліктеріне жатады. Осындай нәтиженің себебі – Қазақстандағы кеңседен келіп түскен мұнай-газ жөніндегі кез-келген сұранымдар Неотэк Техникалық Құжаттама Бюросы үшін басымдылық мәртебесін алады.
1994 жылы Неотэк ТҚБ-сының жеке бөлімі ретінде мұнай-газ тобының құрылғаны аударма тақырыбына толық бағытталған жұмыс процесстерін құрудың алғашқы тәжірибесі болды. Қазіргі кезде бүл топтың өз тапсырыс берушілерін олардың бизнес-іс-әрекетінің барлық кезеңінде сүйемелдеу үшін барлық мүмкіндіктері және дәрменді потенциалы бар және кез-келген мәселелерді шешуге және кез-келген сұранымға жедел түрде жауап қайтаруға дайын.
Лингвистикалық қолдау төмендегідей бағыттарда атқарылады.
Іскерлік құжаттама:
· келісім-шарттар, олардың қосымшалары;
· мәслихаттардың хаттамалары;
· іскерлік хат жазысу;
· тендер құжаттамасы;
· қаржы құжаттама;
· сапаны басқару жүйесі жөніндегі құжаттар.
Техникалық құжаттама:
· кен орнын игеру / мұнай айыру зауытын салу жөніндегі жобалық және жұмыс құжаттамасы;
· жоба сипаттамасы;
· жоба атқарылуының кезеңдері бойынша жылдық (айлық) есептер;
· геологиялық есептер;
· ACAD сызбалары және олардың редакциялары;
· техникалық дерек парақтары;
· MSDS;
· спецификациялар, нұсқамалар;
· құрал-жабдықтар сипаттамасы.
Таныстыру рәсімі:
· оқу бағдарламалары жөнінде;
· қауіпсіздік ережелері жөнінде;
· жоба бойынша құрал-жабдықтардың алуан түрлерімен жұмыс жасау жөнінде.
Жарнамалық материалдар:
· пресс-релиздер;
· таныстыру рәсімдері;
· кітапшалар;
· сайттарға арналған мәтіндер;
· бұқаралық ақпарат құралдарына арналған материалдар.
Басқалар:
· құрал-жабдықтарды пайдалану жөнінде нұсқамалар;
· нормативтік құжаттар (МС, ҚНжЕ және т.б.).
Әр тапсырыс беруші компания үшін олардың анықталған талаптарының негізінде жұмыс атқарудың өз бірегей тәсімі жетілдіріледі. Мұнай-газ тақырыбындағы жобалардың көпшілігі өз қиындығымен ерекшеленеді деп белгілеу жөн. Дәл оларды пайдалану арқасында лингвистикалық инжиниринг принципі өзінің ерекше маңыздылығын дәлелдеуде.


















