Главная Компания туралы Бүгінгі Neotech Kz

Бүгінгі Neotech Kz

Өзінің белсенді қайраткерлігін Қазақстан Республикасында 1995 жылы бастаған Neotech Kz қызметінің негізіне Ресейде орналасқан Неотэк Техникалық құжаттама бюросы жетілдірген тапсырма берушілермен қарым-қатынастар мен жұмыс принциптері қаланған. Солардың ішінде:

Бірінші принцип: жетістіктің негізі – аудармашылық практикасынан ең жақсысын алу. Біз көшірумен айналыспаймыз: біріншіден, технологияларды егжей-тегжей зерттеп, шешімдерді салыстырып, икемдеп, толықтырып, жетілдіріп, содан кейін ғана өз тапсырма берушілерімізге ұсынамыз. Ең жаңа беталыстарды қадағалау, өз жұмысымызды реттеуді жетілдіру, жаңа технологияларға қаржы салу, қызметкерлердің біліктілігін арттыру – біздің табысымыздың қосылғыштары. Неотэк – Ресей нарығындағы ақпараттық жүйесінің ISO 9001:2000 халықаралық стандартына сәйкестігі бойынша сертификациялаудан өткен алғашқы аударма компаниясы болып табылады.

Екінші принцип: Негізгі мақсат – жоғары сапаны қамту. Тапсырма беруші бізден күтетін  күмәнсіз жоғары сапа. Егер біз бүгін өз тапсырма берушілеріміздің талаптары қандай екенін түсінсек, оларға сәйкес келуге, көбінесе келешекте тапсырма берушілерімізге не керек екендігін болжап талаптардан асып түсуге дайын болсақ, сол мақсатқа қол жеткізе аламыз. Компанияның негізгі біліктеріне дәстүрлі түрде мұнай-газ саласы, автокөлік өнеркәсібі, ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар жатады – дәл осы экономика салалары екі онжылдық бойына жылдам және жіті түрде дамып келе жатыр. Біз осы бағыттардағы жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз. Дегенмен, соңғы жылдары юриспруденция, қаржы және медицина сияқты бағыттар да өте маңызды болып кетті. Біз заң, қаржы және медицина салаларындағы ұсынысымыз қазіргі нарықтың талаптарына сәйкес келуі үшін қолдан келгенше барлық жұмысты атқардық. Бүгін Neotech Kz компаниясының қызметтер тізіміне мәтінді мәдени-лингвистикалық бейімдеу және құжаттарды легализациялау жөніндегі қызметтер кіріп отыр. Бұл біздің Қазақстан Республикасындағы тапсырма берушілеріміздің талаптарына жауабымыз, сәйкестігіміз.

Үшінші принцип: Біздің компаниямыздың мамандары аударма нарығында ең жақсы болуы тиіс. Біз жұмысқа тек өз ісінің үздік мамандарын, тек ең мықты кәсіпшілерді тартып, оларға даму және өсу мүмкіндіктерін беріп отырмыз. Тек сондай адамдардың арқасында, біздің компаниямыз табысқа қол жеткізіп, аударма нарығында абыройлы орнын алды. Олардың арқасында, білім бірізділігі және біздің компаниямызға тән жұмыс «қолтаңбасы» пайда болды.   

Төртінші принцип: Жан-жақты және ылғи дамитын білімнің жүйесін жасау. Біз компаниямыздың білім қорын оның өмірінің барлық белделерінде, дамудың кез-келген деңгейінде нарықтың талаптарына келтіруге тырысып отырмыз. Біз салалық технологиялар және нормативтерді, соның ішінде аударма нарығындағы қатысушыларға арналған жұмысқа байланысты және жеке адам арасындағы  қатынастардың ережелерін жетілдіру және еңгізуге де күш салып жатырмыз.  Компания үш жыл бойына Gain & Share толық масштабты консалтингтік бағдарламаны жемісті түрде жүзеге асырып келеді.