Главная Компания туралы Neotech Kz компаниясының тарихы

Neotech Kz компаниясының тарихы

2005 жылы Алматыда Неотэк компаниясының Қазақстан Республикасындағы аймақтық өкілдігінің бірінші офисі ашылды. Неотэк Kz халықаралық аударма компаниясының өмірінің тарихы сол сәттен басталды. 

Офис ашылмастан бұрын ұзақ уақыт дайындық жұмысы атқарылды. Әуелі, толық өкілдікті құру идеясы 2003 жылы Ресейдегі Неотэк Техникалық Құжаттама Бюросының (ТҚБ) кейбір тапсырма берушілері өз бизнесінің аймағын кеңейту және Қазақстан Республикасында өз өкілдіктерін ашу ниетін білдіргеннен кейін туды. Олардың барлығы басқа географиялық аймақта Неотэк компаниясымен өз ынтымақтастығын жалғастыру ниетін білдірді. Олардың тілегі компанияның басшылығын Қазақстанда өз өкілдігін ашу керектігіне итермеледі. Сол үшін бұл елді және оның ерекшелігін зерттеуге қажеттілік туды. Бизнес атқару ауқымы, сол аймақта өз өкілдігін ашу жөнділігі, офис тек Ресейдекі өз тапсырма берушілерінің бөлімшелеріне қызмет ете ме немесе басқа тапсырма берушілерді іздеу және олармен жұмыс істеумен айналыса ма, аймақта қандай қызметтер керек болады, компанияның офисінің ұжымы қалай және кімдерден құрылады, соның ішінде штатта және штаттан тыс қанша қызметкер болады деген бірнеше маңызды сұрақтарға жауап беру үшін бір жарым жылдан астам уақыт керек болды.

Нарықты бақылау, Қазақстан нарығында жетекші қатысушылар болған компаниялардың мамандарынан бірнеше рет сұрақ алу, кеңседегі зерттеулер сұрақтардың көпшілігіне, соның ішінде «Қазақстанда Неотэк болуы керек пе?» деген сұраққа да, жауап берді. Содан кейін Алматыдағы офис 2005 жылдың қазаң айында салтанатты түрде ашылды. Дәл сол күні интернет жүйесінде өкілдіктің бірінші сайты іске қосылды. «Бизнес басталуы туралы неге былай жарияланды?» деген сұраққа Неотэк өкілдері былай жауап берді: «Біз алдымызға жергілікті тапсырма берушілерге керекті қазіргі жоғары технологиялық компанияны құру мақсатын қойдық. Біз Қазақстандағы бизнес-қоғамдастықтың өз стилі мен ерекшелігіне үйреніп қалған өкілдерімен диалог жүргізгіміз келеді».      

2005 жылы Neotech Kz компаниясының тапсырма берушілерінің бірі үшін тапсырма берушінің аударма қызметіндегі мамандарды тексеру жөніндегі көпдәрежелі бағдарлама әзірленіп, жүзеге асырылып, тренингтер жүргізіліп, әрі қарай оқутудың тәсілдері мен ұсыныстары жетілдірілді. Осы және басқа ынтымақтастықтардың жетістікті тәжірибесін талдап, Неотэк ТҚБ-сы Gain & Share деген тұрақты бағдарламаны іске қосу туралы жариялады. Сол бағдарлама өз тапсырма берушілерінің ішкі-корпоративтік аударма қызметтерін құру және жетілдіру арқылы, оларға көмектесуге және оларды қолдауға арналған. Тапсырма берушілер үшін консалтинг қызметтерін атқару, жұмыс жасайтын аймағына қарамастан, Неотэк компаниясы қызметтерінің тізімінде жаңа бағытқа айналды. Бұл жұмыс бүгін де жалғастырылып жатыр.

2006 жылдың қантар айында Неотэк компаниясы басшылығының Алматыға болған жұмыс сапарының барысында, басқа артықшылықты мақсаттармен қатар, кадр саясаты да ең маңызды мәселе деп аталды. Сол сәттен бастап жергілікті атқарушылардың базасын құру жөніндегі тұрақты жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыс бірнеше бағытта атқарылуда: жетекші бұқаралық ақпарат құралдарындағы модульдық жарнама, мамандарды жүйелі тарту жұмысы, көрмелердегі семинарлар, мүдделі мамандарды аудармашылықтың жеке технологияларына оқыту. Сол кезде басталған жұмыс тек Қазақстандағы офисті мамандармен қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді шешуге емес, сондай-ақ өте бір жауапты және маңызды мақсатқа қол жеткізуге бағытталған. Ол мақсат – Қазақстандағы мамандардың дәрежесін, келешекте әр маман жоғары деңгейде атқаратын жұмыстардың күрделілігі мен тақырыбын анықтайтын сертификациялау жүйесін жетілдіру.

KIOGE-2006 көрмесіне қатысу. Көрмеде Неотэк ТҚБ-сының бас редакторы Александр Поддубный «Gain & Share – серіктестіктің жаңа сапасы. Лингвистикалық қолдау саласындағы тәжірибені тарату» деген баяндамамен шықты. Аталған тақырыптың таңдалуы кездейсоқ емес. Өйткені, ол Неотэк компаниясының мүдделі мамандары мен тапсырма берушілері үшін жалпы компанияның, әсіресе оның Қазақстандағы өкілдігінің басшылыққа алатын принциптерін тұжырымдауға тиіс болды. Баяндамада Неотэк компаниясының өз атқарушыларына және компанияның тапсырма берушілері берген тапсырмаларға қойылған талаптарына ерекше көңіл аударылды. Баяндама жасалғаннан соң Неотэк компаниясының Алматыдағы офисі жергілікті мамандар дайындайтын арнайы мектеп құру туралы көп сұраным алды. Ол жоба компанияның келешекке болжалған жоспарында бар.  

2006 жылдың желтоқсан айы мен 2007 жылдың қантар айы аралығында Қазақстан Республикасындағы алғашқы ауқымды жарнама науқанының дайындалуы атқарылды. Бір жылдық жоспардың бірнеше ынталандыратын бағыттары болды: сыртқы жарнама, директ-маркетинг, баспасөздегі жарнама, қоғаммен байланыс, Интернеттегі жарнама, жарнама шаралары. «Тюбетейка» мейрамханалар жүйесіндегі және Алматыда орналасқан басқа көңіл көтеретін орындарындағы жарнама шаралары бір жылдық жарнама жұмыстырының жарқын аяқтамасы болды. Бұл науқан ойдағыдай атқарылды: қойылған мақсаттардың барлығы орындалып Neotech Kz бренді таныс болды. Науқан нәтижелерінің бірі Қазақстандағы жарнама саласында тиімді және пайдалы деген не, компанияға керекті мақсатты аудиториясындағы топтар түйсігінің ерекшеліктері деген не екені туралы тәжірибе болды.

2007 жыл бойы Neotech Kz компаниясы тұтынушылардың басқа сапалық деңгейдегі топтары үшін аудармалар атқару арқылы өз жұмысының салаларын маңызды түрде кеңейтті: тұтынушылар қатарына кіші және орта бизнестің өкілдері және жәке тұлғалар кірді. Бір реттік, содан кейін саны және көлемі көбейген жұмыстар сол аудиториямен жұмыс істеу үшін жеке бөлімшені құруға себеп болды. Нәтижесінде, компания қызметкерлерінің санын көбейту, тақырыптары мен тілдің бағыттары компанияның стандарт ұсынысының саласына қатысты емес жұмыстар атқаратындарды тарту жұмыстарын белсендіру керек болды.

2007 жылдың күзі KIOGE-2007 көрмесіне қатысу. Бұл жолы Неотэк компаниясындағы жетекші қызметкерлерінің бірі өз баяндамасын Қазақстандағы аудармашылық нарығының жағдайына, оның мүмкіндіктеріне және дамуының перспективаларына арнады. Компания сол бағытта көп жыл бойы жасалып жатырған мониторингтің нәтижелерін жариялады. Баяндама барысында Неотэк өз болжамдарын жасап Қазақстанда даму жөніндегі жоспарларын құлақтандырды. Neotech Kz офисі ескі мекен-жайындағы офис орталығының кең және жағдайлы орнына көшкен соң компанияның өз айналысының өсуі мен жоспарлы үдеуі жөніндегі жоспарының орындалуы басталды.

Қазақстандағы тұтынушылар талап ететін жаңа қызметтерді анықтау мақсатында 2008 жылдың қантар айында Неотэк ТҚБ-сы басшыларының Қазақстанға дәстүрлі сапарының барысында сұраныстар бойынша тұрақты мониторингтің басталуы жөнінде шешім қабылданды. Алғашқы нәтижелерді бағалаған соң, аударма қызметтеріне нотариалдық куәландыру қызметтері қосылуы керек деп анықталды да, ал көбейе беретін көптеген сұраныс бар екені Алматыда тапсырма қабылдайтын жаңа орындар ашылуы керектігі күн тәртібіне қойылды. Серіктестер іздеу және орналасудың оңтайлы мекен-жайын анықтау жөніндегі жұмыс басталды.

2008 жылдың сәуір айы 1000-шы тапсырма орындалуымен белгіленді. Компания сол көрсеткішті жоспарланған күнге алты ай қалғанда қол жеткізді (Neotech Kz қызметі басталғалы үшінші жыл аяқталуы үшін мына көрсеткіш ұнамды деп аталған болатын). Компания бұл жетістікке Қазақстандағы офистің жаңа тапсырма берушілер тарту жөніндегі белсенді саясаты, атқарушылардың базасын кеңейту және жаңа жарнама тәсілдерін пайдаланудың арқасында қол жеткізе алды.

2008 жылдың жазы. Алматыда Neotech Kz компаниясының екі жаңа офисі   нотариалдық кеңселердің жанында ашылды. Олардың мекен-жайлары: Мақатаев көшесі, 73/60 және Байзаков көшесі, 155. Алматыда компанияның орналасу географиясын кеңейту жөніндегі жұмыс жалғастырылып жатыр. Сол кездегі тағы бір маңызды оқиға – Neotech Kz компаниясының Қазақстан Республикасындағы Америка сауда палатасындағы толық мүшелігі басталды.

2008 жылдың қазан айы – KIOGE-2008 көрмесіне қатысу. Сол көрмеде мүдделі тапсырма берушілер және әлеуметті тапсырма берушілері үшін Neotech Kz аймақта компанияның орналасу жөніндегі болашақ жоспарын жариялады. Дегенмен, компанияның амбициялық жоспарлары қандай екенін Neotech Kz компаниясының тапсырма берушілері аңғармай қалмаған фирмалық стилінің новациялық өзгерістері арқылы көруге болады. Компанияның жаңа сайтын құру жөніндегі жұмыс та сол кезден басталды.

2009 жыл жаңа ғана басталды. Біз компаниямыздың серіктестері мен тапсырма берушілерінің барлығына мол бақыт, зор табыс және жетістік тілейміз. Келе жатқан жылда Neotech Kz компаниясының тарихына кіре алатын әсерлі және оң оқиғалар көп болады деп сенеміз.

Сол тарихты бірге жасайық!