Alchemy CATALYST – оқшаулаудың жаңа мүмкіндіктері
Neotech компаниясы – Ресей мен ТМД елдері аумағындағы ірі кәсіби аударма компаниясы. Автокөлік құрастыру, мұнай-газ өнеркәсібі, медицина, телекоммуникация және АТ сияқты салаларда көшбасшылықты сақтау және күрделі кешенді лингвистикалық жобаларды іске асыру үшін тұрақты даму қажет. Осы саясатты ұстана отырып, Neotech жоғары деңгейде меншікті қызметкерлердің кәсіби біліктілігін ғана емес, сонымен қатар, компанияны технологиялық жарақтандыруды қолдайды. Қазіргі заман нарығы жағдайында ең үздік инновациялық технологияларды пайдалану ғана тапсырыс берушілерге қызмет көрсетудің неғұрлым кең спектрін және толық көлемдегі сервисті ұсыну мүмкіндігін қамтамасыз ете алады.
2009 жылғы қыркүйектен бастап, енгізу мен тестілеудің бір айлық кезеңінен кейін компания оқшаулау үшін көрнекі орта – Alchemy CATALYST жаңа бағдарламалық өнімін пайдалануды бастады, онда оқшаулау нұсқасын әзірлеу және тестілеу үшін қажетті – аудармадан бастап жобаны басқаруға дейін осы үдерістің барлық аспектілері ескерілген.
Alchemy CATALYST жаңа бағдарламалық өнімін енгізу – бұл кез-келген бағдарламалық қамтаманы оқшаулау жөніндегі жобаларды іске асыру үшін Неотэктің мүмкіндіктерін елеулі кеңейту. Бұдан өзге, Alchemy CATALYST ақпараттық технологиялар бағытындағы ғана емес, басқа да жобалармен жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа өнімді пайдалану мынадай танымал қызметті көрсету, мысалы, кез-келген бейіндегі және маманданудағы компаниялардың сайттарын оқшаулау кезінде жұмысты оңтайландыруға мүмкіндігін береді.
Alchemy CATALYST-тің маңызды артықшылықтарының арасында – аудармашылардың, редакторлардың, менеджерлер мен әзірлеушілердің жобамен бірлескен жұмыс жасау мүмкіндігі. Бұл жұмыс барысында туындайтын кез-келген мәселелерді шешу кезінде жеделділікті елеулі арттырады және барлық кезеңдерде орындалатын жұмыстардың сапасына бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
[ Назад в раздел ] |




















