Ілеспелі қызметтер
Қазақстанда өз іс-әрекетін бастаған кезде, Neotech Kz компаниясы өз алдына мынандай мақсат қойды: аударма қызметтері ең кең аудитория үшін қол жетімді болуын қамтамасыз ету. Бүгін біздің тапсырыс берушілеріміздің санына тек үлкен транснационалдық корпорациялар емес, кіші және орта бизнес дәрежесіндегі компаниялар және жеке тұлғалар кіреді. Neotech Kz компаниясының нотариалдық куәландыру деген ілеспелі қызметтері біздің тапсырыс берушілеріміздің нақ сол екі дәрежесі үшін аса қатты талап етілген қызметтер болып шықты.
Аударманы нотариалдық куәландыру дегеніміз – түпнұсқасы шетел тілінде жасалған ресми құжаттарды Қазақстандағы ресми органдарға ұсыну үшін оларды жасаудың процедурасы. Бұл процедураның екі кезеңі бар: құжатты аудару және оны нотариалдық куәландыру. Қазақстан Республикасының Нотариат туралы заңнамасына сәйкес егер нотариус лайықты тілдерді білетін болса, ол бір тілден басқа тілдегі аударманың дәлдігін куәландырады. Егер нотариус лайықты тілдерді білмейтін болса, аудармашы аударма жасаған соң, нотариус сол аудармашының қолының дәлдігін куәландырады.
Құжаттарды кешенді дайындау жөніндегі «аударма және нотариалдық куәландыру» деген ұсынысымыз біздің клиенттеріміздің арасында сонша әйгілі болғандықтан біз нотариалдық кеңсенің жанында тапсырыс алатын жаңа екі кеңсемізді аштық. Енді Neotech Kz компаниясының клиенттерге ыңғайлы жерлерде орналасу мақсатында серіктестерді таңдау бойынша жұмысымыз жалғасуда.
Аударманы және нотариалдық куәландыруды біріктіріп біз өз клиенттерімізге бірнеше маңызды артықшылықтарды ұсынамыз:
- Дайын құжаттардың сапасы екі жерде екі бөлек орындалған қызметтің сапасынан әлдеқайда жақсы. Өйткені, ресми органдарға жіберілетін аударылатын құжаттар сол органдардың талаптарын еске алумен, керекті үлгілер және тілдік айналымды пайдаланумен жасалады.
- Тапсырыс беруші Neotech Kz компаниясының менеджеріне хабарласқан кезде одан құжаттарды дайындау жөніндегі толық және жеткілікті ақыл-кеңес алынып, тапсырысты орындаудың мерзімі және оның бағасы келісіледі. Кез-келген кеңселерімізге құжаттардың түпнұсқасын әкелсеңіз жетеді.
- Тапсырысыңызды бір білікті орындаушы жүргізген соң уақытыңыз елеулі түрде үнемделеді. Әйтпесе, әртүрлі екі сатыны тауып соларға барып және олардың әрқайсысына талаптарыңызды түсіндіру керек болар еді. Уақытыңыз кемінде екі есе үнемтеледі!
- Тапсырыс беруші үшін құжаттарды дайындау процессі жеңілденеді. Тапсырыс беруші Neotech Kz компаниясына хабарласқан соң өз мәселесін біздің компаниямыздағы менеджердің «қолына» бергеннен кейін менеджер сол тапсырысқа жауапты болады. Менеджер тек аударманың сапасын емес, куәландыруды орындаудың дұрыстығын қадағалып бақылайды. Күрделі жағдайларда оның қатынасушы нотариустың кеңесін сұрауға мүмкіндігі болады.


















