Полиграфиялық және басқа ілеспелі қызметтер
Жұмысын жасағанда Neotech Kz компаниясы өз тапсырыс берушілері үшін күн сайын пайдалы болуға тырысады. Сол үшін тапсырыс берушілерімізге үнемі түрде сұрақнамалар ұсынамыз. Сұрақтарға жауаптардың негізінде тапсырыс берушілер кездесетін қажеттіліктер мен мәселелері айқындалып, содан кейін біздің жаңа қызметтеріміз жетілдіріліп енгізіледі.
Өз уақытында біз тапсырыс берушілерімізге кәдімгі бір сұрақ қойдық: «Біздің аударған құжатымыз қалай пайдаланылмақ?» Жауаптардың барлығы дерлік: «Тираждаймыз». Біздің шешіміміз айқын болды. Демек, біз тапсырыс берушілерімізге оларға қажетті материалдарды керекті көлемде өндіруде көмек ұсынуымыз керек. Сөйтіп, Неотэк компаниясының Мәскеудегі офисінің негізінде полиграфиялық өнімдер шығарумен қатар электрондық және басқа құралдарда тираждау жөніндегі қызметтерді ұсынатын «Полиграфия мен дизайн бөлімі» құрылды. Құжатпен жұмыс істеудегі операциялардың тізбегіне тағы бір буын қосылды:
Аудару – редакциялау – алғашқы мәтінге сәйкестіктегі беттеу – басу алдындағы дайындау – тираждау.
Мынандай технологиялық циклды орындау дегеніміз – тапсырыс беруші үшін бірсыпыра мәселелерді шешумен қатар, ол үшін өз уақытын үнемдеп, жалпы түрде өз шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді. Қызметтерді бір орталыққа бағындыру дегеніміз - өнімдер шығару және тираждаудың сонғы кезеңіндегі өнімдердің бұзылуына келтіре алатын жағдайлар және факторлардың көпшілігінен құтылуға мүмкіндік береді. Біздің тұрақты тапсырыс берушілеріміз полиграфия мен дизайн бөлімінің қызметтерін көп уақыттан бері пайдалана отырып сол кешенді шешімнің әрі сапасы, әрі қолайлылығын лайықты түрде бағалауда.
Сөйтіп, біз бүгін өз клиенттерімізге қызметтің төмендегідей түрлерін ұсынамыз:
1. Материалдарды басуға дайындау (біз толық беттеген материалдар, әрі тапсырыс берушінің файлдары).
2. Төмендегідей салалардағы графикалық дизайнды дамыту:
· Көрме дизайны
· Полиграфиялық және электрондық материалдардың дизайны
· Фирмалық стильді дамыту
3. Кез-келген қиындықтағы баспа өнімдерін тираждау.
4. Электрондық құралдардағы (CD/DVD) құжаттаманы тираждау.
5. Таныстыру рәсімі, сайттар, жарнамалық роликтер, оқу материалдары және корпоративтік фильмдерді қайта дыбыстандыру.
6. Үйлесімді мердігерді таңдау, өндірістің орындалуын бақылау.


















