Neotech аудиовизуалды материалдарды локализациялау бойынша қызметтердің толық кешенін ұсынады, олар: аудару, субтитрлеу, дубляж жасау, кадр артындағы дыбыстау, транскрипциялау, электрондық оқуды және басқа да мультимедиалық контентті локализациялау.
Аударма, инженерлік біліктілік және заманауи технологиялар саласындағы жинақталған тәжірибе бізге аудиовизуалды өнімдерді локализациялауға байланысты шағын тапсырыстарды да, күрделі толық көлемді жобаларды да тез әрі арзан бағаға орындауға мүмкіндік береді.
Сыртқы субтитрлер фразалардың басталу және аяқталу уақыты, сондай-ақ басқа да қызметтік ақпарат көрсетілген бөлек мәтіндік файлдар түрінде болады. Мұндай субтитрлер Youtube немесе Vimeo сияқты видеохостинг сайттарына жүктеуге жарамды. Қажет болса, сыртқы субтитрлерді өшіруге болады.
Ендірілген субтитрле — бұл видеоны кодтау процесінде видеолекке салынған субтитрлер. Мұндай субтитрлерді өшіру мүмкін емес және олар жасалған кезде іс жүзінде түпнұсқа видеожол өңделеді. Мұндай субтитрлердің артықшылығы құрылғы мен тарату арнасына қарамастан, мәтіннің әрдайым бірдей көрсетілуінде.
Кадр артындағы дыбыстау (voice-over). Дыбыстаудың бұл түрінде дикторлардың сөзі түпнұсқалық дыбыс жолдарына қойылады. Осылайша, дыбыс ретінің экспрессивті элементі басыңқы түпнұсқа жолмен жеткізіледі, ал дикторлардың сөзі айтылғанның мағынасын білдіреді.
Баға – уақыт – сапа қатынасы бойынша voice-over көптеген маркетингтік емес және кейбір маркетингтік материалдарды дыбыстау үшін оңтайлы болып табылады.
Дубляж. Осындай дыбыстау түрімен жаңа дыбыстық жол құрылады, онда дыбыс инженері видеода қолданылатын барлық дыбыстарды, яғни шуды, эффектілерді, актерлердің сөйлеуін бір жобаға жинап, синхрондайды. Бұл көп уақытты қажет ететін, қымбат және сапалы дыбыстау нұсқасы.
«Neotech» экрандағы жазбалар, титрлер, қыстырмалар, логотиптер және басқа да видео элементтері аудармасын қоса алғанда, видеоқатарды толық локализациялауды ұсынады.
Жұмысты бастар алдында менеджер тапсырыс берушімен жобаның егжей-тегжейін талқылап, локализациялаудың соңғы сапасы туралы түсінік қалыптастыру үшін бұрын локализацияланған видео үлгілерін ұсынады.
Нәтижесінде тапсырыс беруші экрандағы субтитрлер немесе видео элементтері ауыстырылған видеофайлды алады.
Бүгінгі күні электрондық оқу бұрынғыдан да танымал: материалды ұсынудың бұл әдісі тек білім беруде ғана емес, сонымен қатар корпоративтік сегментте де сұранысқа ие. Электрондық оқу курстарының басты ерекшелігі — олардың белгілі бір тапсырмаға бағытталуы. Көбінесе мұндай материалдар бағыты тар сипатта болады, сондықтан оларды аудару жұмысы зерттеу саласын терең білуді талап етеді.
Оқу курстарын аудару үшін біз аудармашыларды, атап айтқанда тиісті салада танылған мамандарды, ал жұмыстың лингвистикалық емес бөлігіне e-learning контентін локализациялау бойынша мол тәжірибесі бар мамандарды тартамыз.
Мұның бәрі бізге сапалы, тиімді және мақсатты аудиторияға толықтай локализацияланған өнімді жасап шығаруға мүмкіндік береді.
Шифрды ашып жазу немесе транскрипциялау — бұл ақпаратты аудиоформаттан мәтінге аудару. Мұндай ақпарат семинарлар, дәрістер, вебинарлар, сұхбаттар, келіссөздер немесе кез келген басқа материалдың жазбалары болуы мүмкін. Көбінесе шифрды ашу — мультимедиалық контентті локализациялау кезеңдерінің бірі, бірақ Neotech оны бөлек қызмет ретінде де ұсынады.
Біз сіздің уақытыңызды бағалаймыз. Кез келген мәселе бойынша жылдам есептеу мен сарапшы кеңесін алыңыз. Бізбен бірге жобаңыздың жоғары сапамен және белгіленген мерзімде орындалатынына сенімді бола аласыз.