Осы жылдар ішінде Neotech компаниясы автокөлік саласындағы кәсіби мамандардың мықты тобын құрды. Автокөлік аудармасы бөлімінің барлық менеджерлері мен редакторлары — жұмыс тәжірибесі мол сертификатталған мамандар. Қызметкерлеріміз автокөліктерге шынайы құмар және ең ерекше мәселелердің шешімін таба алады.
— Дөңгелекті және шынжыртабанды көліктер конструкциясы ма? Қызмет көрсету жабдығы мен арнайы құралдар ма? Бас құрылғылар мен аспаптар тақтасының интерфейсі ме?
— Бұлардың ешқайсысы біз үшін проблема емес! Конструкцияны терең білуіміз және механизмдер мен машиналардың жұмыс принциптерін түсінуіміз арқылы ерекшеленеміз.
Клиенттеріміздің арасында шағын кәсіпорындар да, әртүрлі нарық сегменттеріндегі халықаралық концерндер де бар. Соңғы нәтиже талаптарға толық сай болуы үшін терминологияға қатысты барлық мәселе тапсырыс берушімен талқыланады. Заманауи бағдарламалық құралдар мен автоматтандыру құралдарының арқасында аударманың мінсіз сапасына қол жеткізіліп, жобаның орындалу мерзімі қатаң сақталады.
Жоғары сапалы дайын аудармаға қол жеткізу үшін жұмыс жобасы төмендегілерді қамтитын толық іске асыру циклінен өтеді:
Біз сіздің уақытыңызды бағалаймыз. Кез келген мәселе бойынша жылдам есептеу мен сарапшы кеңесін алыңыз. Бізбен бірге жобаңыздың жоғары сапамен және белгіленген мерзімде орындалатынына сенімді бола аласыз.